Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. » №11 ОРТА МЕКТЕП
Директор :
+7(72752) 0000000
Орынбасары Оқу бөлімі:
+7(72752) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.
23
май
2019

Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.

Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.
Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болып, қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыс, түрлі мамандық келе бастады, әлі де олардың шегі көрінер емес.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау…
Бұл — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек деп ойлаймын. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек.
Ж.Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», – дейді. Рас, жас жеткіншек тек өз жүрек қалауымен ғана таңдаған мамандықтың шебері бола алады, яғни мамандық таңдау – жай ғана оқып, диплом ала салу емес, өмірлік жолыңды айқындау. Бірақ кейбір ата-ана, туған-туыс оған мән бермей, жеткіншектің көңілі қаламаған мамандыққа еріксіз апарады. Оның нәтижесі қандай? Олардың бірі – оқудан шықса, бірі – қаламаған мамандығы бойынша ілініп-салынып жұмыс істеп жүреді.
Осыған орай 17.05.2019жылы Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылының №11 орта мектебінің директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Г. Рахимова «Перспектива», « Прогресс», «Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар» колледждерімен байланысып 9-шы сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.
Мектеп психологтары А.Г.Рахимова мен Е.А.Порошенко оқушыларды осы аталған колледждерге апарып, кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізді.
Колледж басшылығы оқушыларды қуана қарсы алып, қонақжайлылық танытты.
«Перспектива» колледжінің директорының тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары Саркисова Валентина Александровна оқушыларға колледж жайында, ондағы мамандықтар жайында , колледжді тәмәмдаған соң жұмысқа орналастыру жағы қарастырылғаны жөнінде кеңінен мағлұмат беріп өтті.
«Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар» колледжінің директорының оқу өндірістік бөлімінің орынбасары Тілеуғазы Ермек Серікұлы мен колледждің оқытушылар құрамы оқушыларға колледждегі сұранысқа ие мамандықтар жөнінде әңгімелесу жүргізіп, колледж студенттерінің оқу кабинеттері мен , жаттығу бөлмелерімен оқу корпусы толықтай таныстырылды.
Колледждегі студенттерге жасалған жағдайлар жайында (үш уақыт тамақтандыру, стипендиялық көмек) кеңінен мағлұмат берді.
Өтеген батыр кентінде орналасқан «Прогресс» колледжінің директорының оқу тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары Маралбекова Шырайлы Арыновна оқушыларға колледждегі мамандықтардың түрлері, кәзіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар түріне жататын мамандықтарға кеңінен тоқталып, колледждегі жаңадан ашылып жатқан мамандық түрлерімен таныстыру жұмыстарын жүргізді.
Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алды. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылды. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер берілді.
Оқушыларға осы кәсіптік бағдар беру жұмысының пайдасы болды деп есептейміз. Оқушылардың кейбірі осы аталған колледждерден мамандықтарын таңдап та үлгергенін қуана айтып жатты.
Осы атқарылған кәсіптік бағдар беру жұмысынан болашақта осы жастардың өмірде өз орындарын тауып қалануына өз үлесімізді қосқан болсақ, ол да біздің жас ұрпақ үшін жасаған жұмысымыздың зая кетпегені деп ойлаймыз.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Michaelwap
1 декабря 2019 17:16
Комментарии тут не нужны, просто посмотрите


ультразвуковое диспергирование

Полезная вещь для вас


ультразвуковая сварка пластмасс

Сколько спортом не занимайся, бициху не нарастишь без питания


купить метан для мышц

Переходим к следующему шагу - посмотрим


триколор тв официальный


Можно установить дверь с доставкой в москве


элитные стальные двери

Тут несколько комментариев для вас мои читатели


двери взломостойкие

Смотрите и другие сайты